Сайлау күні Қарағанды облысының қалаларында жол жүру тегін болады
2023 жылғы 18 наурыз, 18:24

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Сайлау күні, 19 наурызда Қарағанды облысының қалаларында автобустармен жүру тегін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарағандыда сайлау күні қала маңындағы № 71, 72, 73, 115, 117, 41, 495, 500А маршруттарды қоспағанда, қалалық маршруттармен тегін жүруге болады.
Қоғамдық көлік жексенбі күнгі кестеге сәйкес жүреді.
Дүйсенбі, 20 наурызда автобустар штаттық режимде жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, Балқаш және Приозерск маршруттарында тегін жол жүру қамтамасыз етіледі.
Қалааралық маршруттарда, оның ішінде № 146, 121, 107, 122, 100, 127, 165, жол жүру қолданыстағы тарифтер бойынша ақылы болады.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP