Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Сайлау күні елордада мобильді ХКО-лар жұмыс істейді

2019 жылғы 16 мамыр 10:22 410
Бөлісіңіз:
Сайлау күні елордада мобильді ХКО-лар жұмыс істейді

  НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Оқушылар сарайында алдағы президенттік сайлауды ұйымдастырушыларға және дауыс беру процесіне қатысушыларға арналған семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда сайлау заңнамалары түсіндірілді Сайлауда дауыс беру арқылы әркім өз болашағына ықпал етеді - Сатай Сыздықов

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, семинарға аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, сот, төтенше жағдай жөніндегі басқарма өкілдері қатысты.

Белгілі болғандай, дауыс берушілер тізімінен өзін таппаған азаматтар үшін мобильді Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады.

«Әр сайлау учаскесінде телефон, ғаламтор және Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) үшін мобильді байланыс операторларының жеке желісі сияқты байланыс құралдары орнатылады. Бұл жолғы сайлаудағы жаңалықтың бірі - 204 сайлау учаскесінде халыққа мекенжайлық анықтамалар беретін мобильді Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) ашылады. Сайлаушылардың белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын мобильді ХҚКО 2019 жылдың 1 маусымында тестілеу тәртібінде іске қосылады», - делінген ақпаратта.

«Әрбір ашық учаскеде дауыс беруге арналған 4 стандартты кабина және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 1 кабина орнатылған. Жабық сайлау учаскелері 2 стандартты кабинамен және қажетіне қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған кабиналармен жабдықталады. Сондықтан жабық сайлау учаскелеріндегі комиссия төрағаларынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған кабинаға өтінімдер жолдауды сұраймын», - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов.

Барлық учаскелерді толық материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру жұмыстары 20 мамырға дейін аяқталады.

«Жұмыс барысында 238 учаскеде 17 пандустың жоқ екендігін анықтадық. Бұл кемшіліктерді жою үшін арнайы мамандандырылған компанияны тарттық. Бұл жерде біз қайырымдылық іс емес, мүгедектердің қоғамның толыққанды мүшесі ретіндегі заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеміз. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қолайлы ортаны құруда елорда өзге өңірлерге үлгі болуы тиіс», - деп мәлімдеді Ерлан Қаналимов.



Фото: elorda.info

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Әкімдік, Сайлау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT