Сайлау күні Алматы облысында 94 сәби дүниеге келді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Сайлау күні Алматы облысында 94 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде 13 сәби талдықорғандық. Олардың 7-і ұл, 6-ы қыз бала. Бұл туралы облыстық перинаталдық орталық басшысы Қанат Жұмашев мәлімдеді.

Дәрігерлер сайлау күні өмір есігін ашқан нәрестелер мен олардың аналарының қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты. Сәбилерге Сайлау, Сайлаубек, Сайлаугүл сынды есімдер беріліп жатыр.

Айта кетерлігі, тәулік соңына дейін жаңа туған сәбилердің қатары тағы өсуі мүмкін.

Орталық директорының айтуынша, биылғы жылы бала туу көрсеткіші жоғары. Өткен жылдың 12 айында 6 600 ана босанса, биыл жыл соңына дейін 7 000-ға жетеді деп күтіліп отыр.


Соңғы жаңалықтар