Сайлау комиссияларының мүшелерін дайындауға әкімдіктер қатыспақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алғаш рет кезектен тыс президенттік сайлауға сайлау комиссияларының мүшелерін дайындауға әкімдіктер де атсалысатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау комиссияларының мүшелерін дайындау ісіне алғаш рет әкімдіктер де жергілікті бюджет қаражаты есебінен қатысатын болады. Ол үшін Бюджет кодексіне, «Мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңға түзетулер енгізілген еді. Бұл осы жолғы сайлау науқанының жаңалығы», - деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары сайлау комиссияларының мүшелерін бейнеконференцбайланыс режимінде тұрақты негізде өткізілетін онлайн-кеңестер аясында сайлау науқанының нақты кезеңдері бойынша оқыту тәжірибесін жалғастыратынын айтты.

«Сәуір айының соңына дейін барлық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін, ал мамырдың соңына дейін сайлау комиссиясы учаскелерінің барлық мүшелерін оқытуды аяқтауды мақсат етіп отырмыз. Қаржы министрлігі 2019 жылы ОСК деңгейінде электоралды оқытуға 10 млн теңгені қолдады», - деді С.Мұстафина.

Соңғы жаңалықтар