Сайлау комиссияларының бірнеше мүшесі процестен шеттетілді – Бас прокуратура

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонында заңсыздыққа жол берген сайлау комиссияларының бірнеше мүшесі процестен шеттетілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Бас прокуратура өкілі үш облыста сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі ресми тіркелгенін хабарлаған болатын.

«Аталған аудандардағы сайлау учаскелерінде комиссия мүшелері дауыс берушілердің өтініші бойынша туыстары үшін дауыс беруге бюллетеньдер беріліп, дауыс берудің тең құқықтылық талабы бұзылған. Ондай бюллетень берген комиссия мүшелері бірден учаскедегі жұмыстан шеттетілді. Қазіргі таңда жергілікті прокурорлар оларды Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 110-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тарту бағытында шаралар қабылдап жатыр. Дауыс берудің теңқұқықтылық талабын бұзып, өзге адам үшін дауыс берген кінәлілер Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 110-бабы бойынша 108-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады.


Соңғы жаңалықтар