Сайлау кезінде электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану қажет - Әміржан Қосанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттікке кандидат Әміржан Қосанов сайлауды өткізуге қатысты бірнеше ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде бізде электронды цифрлық қолтаңба бар. Соны сайлау кезінде неге пайдаланбаймыз? Анау облыс пен аудан орталығынан шалғай жатқан азаматтар неге қолдау процесіне қатыса алмайды. Осыны ойлау қажет. Қазіргі кезде электронды цифрлық қолтаңба арқылы некеге тұрып жатыр, үйленіп жатыр, ажырасып жатыр. Ал оны болашақта сайлау науқанында да пайдалануға болады», - деді Ә.Қосанов Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, сайлауалды бағдарлама дайын. Оны 11 мамырда жариялау жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысының мүшесі, журналист Әміржан Қосановтың кандидаттық куәлігін тапсырды.
«Оразаның алғашқы күні сайлау комиссиясының бізге куәлік бергенін жақсы ырымға балап отырмын. 7-ші нөмір екен. Мен куәлікті жетінші болып алып отырмын. Оны да жақсылыққа балап отырмын. Жасыратыны жоқ, мені ұсыну және қол жинау кезінде біраз күмән болды. Осы Қосанов сайлауға тіркеле ме, тіркелмей ме деген күмән да болды, әртүрлі арандатулар да болды. Қасақана жасалған бір ақпараттық шабуылдар болды. Осы күнге дейін мен және менің әріптестерім тіркеу болмайтын шығар деп ойладық. Бірақ бүгінгі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «әділ сайлау өткізуге кепілдік беремін» деген сөзінің бір нышаны деп білемін, солай қабылдаймын», - деп атап көрсетті Ә.Қосанов.
- Қырғызстан: Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді
- Президент бастамалары мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тетіктерін жетілдіруге негізделген - сарапшы
- Президент бастамалары партиялар жұмысын жандандырады - Төлеутай Рақымбеков
- Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды
-
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы 60 пайыздан астам жаңарды
-
БҚО мәслихатына жаңадан хатшы сайланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам