Сайлау халықтың бірлігін арттырады - Жансейіт Түймебаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өтетін кезектен тыс Президент сайлауы - уақыт пен соңғы саяси өзгерістер талабы. Бұл пікірді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кезектен тыс Президент сайлауы - еліміздегі ең маңызды саяси оқиға. Сайлау - уақыт пен соңғы саяси өзгерістерден кейінгі логиканың талабы. Биылғы наурыз айында жоғарғы билік негізгі заңның талаптарына сәйкес ауыстырылды. Әсіресе, оның тұрақтылық пен болжамды жағдайда бейбіт ахуалда өткені маңызды», - деді Жансейіт Түймебаев ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы ұйымдастырған «PRодвигай себя» тренингінде.

Ол тәуелсіз Қазақстан тарихында биліктің алғаш рет ауысқанын атап өтті.

«Саяси транзит жағдайында этносаралық және дінаралық қарым-қатынастар мәселесін теріс ағымдар өз мақсаттарына жиі қолданады. Қазақстанда ондай оқиғалар болып жатқан жоқ - елдегі этносаралық жағдай тұрақты және жағымды болып қала береді», - деді ол.

Сонымен бірге, Жансейіт Түймебаев Президент сайлауы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтатынын жеткізді.

«Сайлау ел алдында тұрған міндеттерді табысты атқару үшін халықтың бірігуіне серпін береді», - деді Ж. Түймебаев.

Соңғы жаңалықтар