Сайлау: Халықаралық байқаушылар Тоқаевтың штабында болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына ТМД Байқаушылар миссиясы штабы басшысының орынбасары Олег Кулеба бастаған халықаралық байқаушылар келді. Бұл туралы ҚазАқпарат штабқа сілтемемен хабарлайды.

Байқаушыларды сайлауалды штабтың жұмысымен «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек пен ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев таныстырды.

Штабта «AMANAT», ҚХП, «Ақ жол» партияларының, түрлі қоғамдық бірлестіктердің, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері жұмыс істейді.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 13 қала мен бірнеше ауылдық елді мекенде 20-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.


Соңғы жаңалықтар