Сайлау: БҚО-да байқаушылармен кездесу өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды партиялық емес бақылау орталығының басшысы, «Нұр» балалар үйі мен мектеп-интернаттары түлектерінің Батыс Қазақстан Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Геннадий Франк Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған шараға «Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Айгүл Есекенова, «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Светлана Тенишева қатысты.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол байқаушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша ағымдағы сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Өз кезегінде, БҚО бойынша сайлауалды партиялық емес бақылау орталығының басшысы Геннадий Франк бүгінгі кездесу үшін алғысын білдірді. Барлық байқаушылар берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, ағымдағы сайлауға дайындық және оны өткізуге қатысты түрлі сұрақтар қойды.


Соңғы жаңалықтар