Сайлау ашық, әділдік қағидатына сәйкес өтті - Реджеп Шекер

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) байқаушылар миссиясының жетекшісі Реджеп Шекер Қазақстанда депутаттарды сайлау процесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасымен, сенаторлармен, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездестік. ТүркПА байқаушылары сайлау процесі туралы барлық ақпаратты алды. Миссия мүшелері сайлауға қатысқан саяси партиялардың өкілдерімен де кездесіп, олардың бағдарламасымен танысты. Біз сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап дауыстарды санауға дейінгі барлық кезеңдеріне қатыстық. Сонымен қатар жергілікті байқаушылармен пікір алмастық», - деді Р. Шекер елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Оның айтуынша, дауыс беру барысы ережеге сай өтіп, сайлау процесі кезінде қажет ресурстар қамтамасыз етілді.

«Біздің миссия сайлау процесіне дайындық деңгейін, сондай-ақ сайлауға қатысты жоғары баға беріп отыр. Сондай-ақ миссия осы сайлауды ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстарды оң бағалады. Сондықтан ТүркПА байқаушылар миссиясы бұл сайлау ашық, әділдік қағидатына сәйкес өтті деп санайды», - деді Реджеп Шекер.


Соңғы жаңалықтар