Сайлау: Аида Балаева өз таңдауын жасады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары өз таңдауын елордада №111 сайлау учаскесінде жасады.

Аталған сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады және онда 2744 дауыс беруші тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін аталған сайлау учаскесінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов дауыс берген еді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Одан бөлек, дәл осы сайлау учаскесінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың дауыс бергенін хабарлаған болатынбыз.

«Сайлауда бір мандатты округтер кандидаттары және өзін-өзі ұсынғандар арасында бәсеке аса жоғары. Бұл Мемлекет басшысы қабылдаған саяси реформалардың өзектілігі мен уақытылы екендігінің көрінісі. Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауын заң талаптары мен халықаралық стандарттарға сәйкес өтеді деп сенемін. Бүгінгі науқан барысын халықаралық ұйымдардың байқаушылары қадағалап жатыр. Баршаны сайлауда өз таңдауын жасауға шақырамын. Биліктің қайнар көзі – халық. Халықтан жоғары ешкім тұра алмайды. Біз сайланған Мәжіліс депутаттарымен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайынбыз», - деді М. Әшімбаев БАҚ өкілдеріне сұхбат бере тұрып.


Соңғы жаңалықтар