Сайлау әділ өтеді деп сенемін– Моңғолиядан келген бақылаушы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Моңғолия атынан 19 наурызда өтетін депутаттар сайлауын бақылауға келген Моңғолия Парламентінің мүшесі Бейсен Бұлан Қазақстандағы саяси науқан әділ өтетініне сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша Монғолия елінен 2 адам келдік. Біріншісі – Моңғолия елінің орталық сайлау комиссия бастығы Пурвээ Дэлгэнаран мырза. Екіншісі – Монғолиядағы Парламент мүшесі Бейсен Бұлан», - деді ол Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде.

Оның айтуынша, бұл сайлаудың қорытындысы халықтың өмірінде тікелей көрініс табуы керек.

«Сайлаудың процесін халықаралық байқаушы ретінде бақылаймыз. Сайлау әділ, демократиялық жолда өтеді дегенге сеніміміз зор. Өйткені Мәжіліс депутаттары демократиялық тұрғыда сайланса, халқына да пайдасы үлкен деп ойлаймын. Біз Астана түбіндегі сайлау округтерін бақылауға дайынбыз», - деді Моңғолия өкілі.


Соңғы жаңалықтар