Сайлау-2023: Ерлан Қошанов өз таңдауын жасады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауда елордада «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Е. Қошанов Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

«Сайлауды ұйымдастыру өте жоғары деңгейде. Халық дауыс беруге белсенді түрде барып жатыр. Халықтың саяси өмірге араласуы қарқыны да жақсы», - деді партия төрағасы.

Осы орайда ол сайлаудың әділ өтетініне сенімді екенін айтты.

«Сайлаудағы дауыс беру процесін байқаушылар егжей-тегжейлі қарап отыр. Сондықтан сайлау әділ өтетініне еш күмән жоқ», - деді Е. Қошанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.


Соңғы жаңалықтар