Сайлау-2022: Қарақат Әбден Жезқазған жастарымен кездесті

None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне үміткер Қарақат Әбден Жезқазған қаласында болып, жергілікті сайлаушылармен, жастар қауымымен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында орта техникалық және жоғары білім, жатақхана мәселелері сияқты жастарды толғандырып жүрген сұрақтар талқыланды. Жас ұрпақтың бойында ұлттық намыс пен патриоттық сезімді қалыптастыру, қыздардың үйлесімді тәрбиесіне көңіл бөлу жөнінде де сөз қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

Соңғы жаңалықтар