Сайлау-2022: Қарақат Әбден дауыс берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президентін кезектен тыс сайлауда үміткер Қарақат Әбден дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қ. Әбден елордадағы 38-ші көше бойындағы №135 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында үміткер сайлау учаскесіне сағат 8:20-да келді. Кандидаттың жанында әкесі және анасы бірге болды.

Еске салсақ, 7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің кандидатурасын ұсынған болатын.

Қарақат Әбден сайлауалды штабымен бірге Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында іс-шаралар өткізді.


Соңғы жаңалықтар