Сайлау- 2021: Үш партия Мәжілісте қанша мандат алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, ол бойынша үш саяси партияның ие болған депутаттық мандат санын жариялады. Айта кетейік, сайлау қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы және Қазақстан Халық партиясына заңда көрсетілген жеті пайыздық межені еңсерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат.
Еске салайық, сайлауда Қазақстан Халық партиясы 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы – 71,09 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинаған еді.Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария еткен болатын.
Сонымен қатар, саяси партияларға сайлаушылар тарапынан қанша дауыс берілгені анықталды.
- Әділет министрлігі 2020 жылы қанша партияны тіркеуден бас тартты
- Нығматулин: Мәжілісмендер ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы саласындағы келісімді қарайды
- Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасының редакциясын кері қайтаруды ұсынды
- Nur Otan партиясының аймақтық филиалдарында бірқатар ауыс-түйіс болды
-
Радиациялық апат кезінде ТМД елдері өзара көмекті жедел ұсынады
-
Халықаралық қаржы корпорациясының қазақстандық кеңсесінің орнықты жұмысына жағдай жасалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам