Сайлау-2021: Қазақстанның шет мемлекеттердегі сайлау учаскелерінде де дауыс беріліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыдағы сайлау учаскелерінде де ҚР Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы жүріп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ондағы деректерге қарағанда, Минск, Брест, Киевте және Анкара, Ыстанбұл мен Анталиядағы сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр.

Ливандағы БҰҰ уақытша күштері миссиясының құрамындағы қазақстандық бітімгерлер де дауыс берді.

Таяу Шығыста Амман, Каир және Тель-Авивтегі, Хельсинкиде және Рига, Вильнюс, Таллиндегі Балтық қалаларында да сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр.

София, Афина және Бухарестте, Вена, Брюссель, Берн және Гаагада, Будапешт, Варшава, Прага, Загреб және Братиславада дауыс беру жалғасуда.

Римде, Парижде және Мадридте де сайлау учаскелері ашылды.

Осыған дейін Таяу Шығыс елдері мен Иранда сайлау учаскелері ашылғандығын жаздық.



Соңғы жаңалықтар