Сайлау-2021: Франция мен Бельгияда қазақстандықтар дауыс беріп жатыр

None
None
БРЮССЕЛЬ - ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Франция астанасында - №246, ал Бельгия астанасы Брюссельде - № 241 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Сайлау учаскесі Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі жанынан ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес, дауыс беру Париж уақыты бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.

Дауыс берушілер тізімінде 121 ҚР азаматы бар.

Оның ішінде дипломаттар, қазақстандық студенттер және Францияда тұрақтап қалған отандастар бар.

Ал Бельгиядағы №241 сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Сембаев дауыс беру коронавирус жұқтыруды болдырмайтындай етіп ұйымдастырылғанын хабарлады.

«Біз санитарлық қауіпсіздік шараларын қабылдадық: кабиналар желдетіліп, санитайзер орнатылды, сондай-ақ температура өлшеніп, дауыс берушілердің әлеуметтік арақашықтығы сақталады. Пандемияға байланысты Бельгия бірқатар карантин шараларын енгізді, осыған байланысты дауыс берушілердің саны аз болады деп күтілуде», - деді Е. Сембаев.

Қазақстандық студенттердің көпшілігі қашықтан білім алады, сондықтан олар қазір Қазақстанда. Осында қалған студенттер өз даусын бере алады


Соңғы жаңалықтар