Сайлау-2019: ТМД байқаушылар миссиясына жүктелген міндеттер аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТМД Атқару комитеті - атқарушы хатшысы төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский достастыққа мүше елдерден келетін байқаушылардың міндеттерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Виктор Гуминский Қазақстандағы Президент сайлауын ТМД-дан 300 байқаушы бақылайтынын мәлім еткен еді."Аккредитациядан өтуге қазіргі уақытта ТМД елдерінен 90 өкіл өтініш берді. Бұл өтініштер әлі түсіп жатыр. ТМД елдерінің атынан Қазақстандағы Президент сайлауын байқау миссиясына қатысатынын 4 ел мақұлдады. Олар: Беларусь, Тәжікстан, Түрікменстан мен Ресей. Сонымен бірге, олардың қатарына ТМД Парламентаралық ассамблеясын қосуға болады", - деді Виктор Гуминский ҚР ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сайлауға дейін 20-ға тарта ұзақ мерзімді байқаушы жұмыс жүргізетін болады.

"Біз сайлау заңнамасына және оған енгізілген өзгерістерге мониторинг жүргіземіз. Ал қысқа мерзімді байқаушылар сайлауға 2-3 күн қалғанда келе бастайды. ТМД елдерінен келген байқаушылар Қазақстанның көптеген өңірлеріне жіберіледі",-деді ол.

Виктор Гуминскийдің айтуынша, ТМД елдерінен келетін штабтың негізгі міндеті - ТМД елдерінен Қазақстандағы сайлау процесіне қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылардың ұйымдастырылған аккредитациясын өткізу, ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу, байқаушыларға ҚР нормативті-құқықтық актілерінен үзінділерін тарату, нұсқау беру, аймақтарға тарату және штабпен өзара жұмыс атқару болмақ. Ал өңірлерде тиісті құқықтарға сай байқаушылар жұмыс жүргізетін болады. Нақтырақ айтқанда, байқаушылар заңнамаға сай жұмыс қаншалықты ұйымдастырылды, сайлау учаскелері уақтылы ашылды ма, қандай да бір бұзушылықтар болды ма, бір адам екі рет дауыс беріп қойған жоқ па - осы тәртіптерді бақылайтын болады. Сондай-ақ дауысты санау кезінде байқаушылар ашықтықты қамтамасыз етеді.

ТМД-дан байқаушылар миссиясы Қазақстандағы сайлауды, оның ішіндегі ҚР Президентініің сайлауын байқауда үлкен тәжірибеге ие. ТМД-дан 700-ден астам байқаушылар миссиясы Қазақстанда 2015-2016 жылдары өткен екі сайлау науқанына қатысқан болатын.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар