Сайлау-2019: Мемлекет басшысына тілшілер тарапынан 30-ға жуық сауал жолданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысы бойынша өткізген баспасөз-конференциясы барысында 30-ға жуық сауал жолданды.

Бұл туралы бүгін өзінің facebook-тегі парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәліи жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өткіздік. Оған 66 бұқаралық ақпарат құралынан 107 өкіл қатысты. Оның 22-сі шетелдік БАҚ. Қазақстан Президентінің тығыз жұмыс кестесіне қарамастан журналистермен кездесу 1 сағаттан аса уақытқа созылды. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде 30-ға жуық сұрақ қойылды»,-деп жазды Берік Уәли.

Қасым-Жомарт Кемелұлына митингтер туралы, полиция әрекетіне қатысты, сайлауға бойкот жариялау, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылаушыларының ұстанымы жайында сұрақ қойылды. Сонымен қатар, Президент Сирия қақтығысы, Ресеймен, Қытаймен және басқа да елдермен қарым-қатынас туралы пікірін білдірді. Сондай-ақ, осы жиында қазақстандықтарды мазалап жүрген билік транзиті, әлеуметтік желілердің бұғатталуы, жемқорлық, АЭС құрылысы, халықты әлеуметтік қорғау, Парламент сайлауы мен Үкіметтің отставкасы, осы сайлаудағы бәсекелестердің платформалары мен ұсыныстарына құлақ асу мәселелері туралы да айтылды.

«Баспасөз-конференциясы барысында Президент бірнеше рет әзіл әңгіме айтып, аудиторияны серпілтіп отырды»,-деп жазды баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар