Сайлау-2019: Мәтіндік трансляция

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі сайлау барысы жөнінде мәтіндік трансляция арқылы хабар таратады.

Парақшаны жаңартып отыруды ұмытпаңыздар! ***22.24: ОСК сайлаудың қорытындысын шығарды: Тоқаев сайлаушылардың 70.96 дауысын жинады.***
17.56: Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің басты проблемаларын атады. ***
17.49: ҚР Президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтуі мүмкін.

***

17.45: Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудағы қарсыластарына алғыс айтты.

***17.37: Сайлау азаматтардың ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті - Қасым-Жомарт Тоқаев ***17.20: Владимир Путинмен Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.***

14.58: Тоқаевты Түркия Президенті Ердоған құттықтады . 14.15: Сайлауға қатысқан үміткерлер науқанның қалай өткен жөнінде пікір білдіріп жатыр. Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан кандидат Жамбыл Ахметбеков «сайлауалды күрес елімізде ашық әрі әділетті өтті» деп мәлім етті.

***

12.41: Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.***11.58: ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлауда кандидаттарға сайлаушылардың қанша дауыс бергендігін жария етті.

Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249 дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 пайыз дауысын, Дания Еспаева 478 153 дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 пайыз дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе сайлаушылардың 16,02 пайыз дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 пайыз дауысын, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 пайыз дауысын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 немесе сайлаушылардың 70,76 пайыз дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 пайыз дауысын жинадыnull

***

10.28: Сайлауда арыз-шағымдар болған жоқ. Бұл Шанхай ынтымақтастық ұйымы Байқаушылар миссиясының пікірі. «Кезектен тыс Қазақстан Президенті сайлауы ҚР заңнамасына, мемлекет қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес болды. Миссия кезектен тыс сайлаудың заңдылығына күмән келтірерліктей ұлттық заңнаманың бұзылуын тіркеген жоқ», - деді Миссия басшысы Владимир Норов.

***

08.17: Лондондағы сайлау учаскесінде 411 сайлаушы дауыс берді. ҚР азаматтары Лондонға Біріккен Корольдіктің түкпір-түкпірінен, яғни Эдинбург, Манчестер, Абердин, Глазго және басқа қалалардан жол жүріп келді. Лондонда дауыс берген алғашқы сайлаушы Борнмут университетінің студенті Бекзат Ырза болды. Оған туған елінен әкелінген естелік кәдесыйлар табыс етілді.

***

06.00: Вашингтондағы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады.

***

02:58: Брюссельде Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңына сәйкес, Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде ашылған №241 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Электораттың келу белсенділігі 71% құрады.

***

01:55: Иордания астанасы Амманда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына үміткерлер үшін дауыс беру аяқталды. Қазақстандықтардың белсенділігі 95,75% құрады.

***00:49: Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы дипломатиялық өкілдіктерінде ашылған сайлау учаскелерінде ҚР президенттігіне кандидаттар үшін дауыс беру аяқталды. Өз таңдау құқығын барлығы 3015 қазақстандық пайдаланды.

***

00:05: Еxit poll: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы өткізген сауалнама қорытындысына сәйкес, кезектен тыс президенттік сайлауда қазақстандықтардың 69,94 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді.

null

***00:04: Еxit poll: «Қоғамдық пікір» институтының өкілдері жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша кезектен тыс президенттік сайлау барысында электораттың 70,13 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. null

***

23:27: Германия мен Нидерландтағы жарыстарға қатысып жатқан қазақстандық паралимпиадашылар үшін көшпелі дауыс беру ұйымдастырылды. ***22.43: «Аманат» азаматтық платформасы сайлау барысында 18 заңбұзушылық бойынша акт толтырған.null ***

22.33: Қазақстан сайлаушыларының 77,4 пайызы дауыс берді.каз null

***

21.14: Дауыс беру процесі бірқалыпты өтті. «Азаматтардың құқықтарын өрескел бұзушылық тіркелген жоқ. Сайлау заңнамасын бұзудың 19 фактісі анықталды»,-деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов.***

21.02: Қазақстанда Президент сайлауында дауыс беру аяқталды.null

***

20.33: Қазақстан сайлаушыларының 77 пайызы дауыс берді.

null

***20.31: Қазақстанда өтіп жатқан ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында 3 мыңнан астам мұнайшы дауыс берді.

***20.00: Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру аяқталды.null ***

19.42: Шетелде жүрген 8 мыңнан астам Қазақстан азаматы өз таңдауын жасады. «Биылғы 9 маусымдағы деректерге сәйкес шетелдегі сайлаушылар тізіміне 15 349 азаматымыз тіркелген. Шетелде дауыс беру тыныш өтіп жатыр. 12 учаскеде Қазақстанның қоғамдық бірлестіктері мен коммерциялық ұйымдарынан және ТМД миссиясынан 35 байқаушы қатысып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 19-00-де шетелде 8322 азаматымыз дауыс берді. Бұл шетелдегі тізімге енген сайлаушылардың 54,2 пайызын құрайды», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

null

***

19.23: Бішкектегі учаскеде сайлаушылар 100% дауыс берді.

***

18.32: Талдықорғанда перзентханада жатқан 92 ана сайлауда дауыс берді. Сондай-ақ, Алматы облысына веложарысқа келгендер тіркеу талонымен дауыс берді.

***18.25: Қазақстан сайлаушыларының 72,9 пайызы дауыс берді.

***

18.11: Нұр-Сұлтан қаласындағы заңсыз митинг кезінде бір азаматтың қаза тапқаны туралы ақпарат жалған. «Нұр-Сұлтан қаласындағы заңсыз митинг барысында егде жастағы қатысушы естен танып құлады. Оқиға орнында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек дәрігерлерін шақырып, олар келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетті. Нәтижесінде азаматтың жағдайы жақсарып, дәрігерлердің демеуімен оқиға орнынан өзі кетіп қалды», - деп атап өтті ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

***

18.05: Әлемнің бірқатар елдерінде сайлау учаскелері: Майндағы Франкфурт, Таллин, Каир, Минск, Брест, Загреб, Тегеран, Омск, Вильнюс, Дели, Тбилиси, Астрахан, Санкт-Петербург, Эр-Рияд, Бухарест, Будапешт, Прага, Берлин, Киев, Лондон, Рим, Доха, София және Бразилиадағы сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр. null null

***17.55: Елордалық жас жұбайлар некелерін сайлау учаскесінде қидырды. «Президент сайлауы еліміздің тарихы мен болашағы үшін маңызды күн болып саналады. Осы тұрғыда бізде тарихқа өз үлесімізді қосқымыз келді. Яғни, біз бірге келіп дауыс бере отырып некемізді қидырдық», - деді отағасы Мирас Әбдірахман. ***

17.30: Танымал спортшы, ауыр атлет Илья Ильин Лондондағы Қазақстан елшілігінде дауыс берді.

***

17.00: Вашингтондағы №249 сайлау учаскесі мен Нью-Йорктегі №250 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

***

16.52: Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы сайлау жөнінде пікір білдіріп жатыр. Мәселен, Италия Парламенті спикерінің орынбасары Этто Розатто былай дейді: «Дәл қазір және дәл осы жерде Қазақстанның келешектегі көшбасшысы таңдалып жатыр. Шетелдік байқаушылар ретінде сайлау барысын бақылап қайттық. Бірнеше сайлау учаскелеріне барып, халықпен, шетелдік делегаттармен, тіпті президенттікке кандидаттармен тілдесіп үлгердік. Әлбетте, сайлау қорытындысынан хабарымыз жоқ. Алайда әр сайлау учасесіндегі ұзын-сонар кезекті көру - өте жақсы белгі деп айтар едім. Бұл жағдай осы елде демократия жақсы дамығанын көрсетеді».

***

16-26: Орталық сайлау комиссиясының 16-00-дегі жағдай мәліметтеріне сәйкес, Ақмола облысы бойынша - 75,1, Ақтөбе облысы бойынша - 79,7, Алматы облысы бойынша - 78,9, Атырау облысы бойынша - 64,9 , Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 69,8, Жамбыл облысы бойынша - 71,8, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 59,8 , Қарағанды облысы бойынша - 63,1, Қызылорда облысы бойынша - 64,5, Қостанай облысы бойынша - 69,7, Маңғыстау облысы бойынша - 60,3, Павлодар облысы бойынша - 67,9, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 68,3, Түркістан облысы бойынша - 70, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 49,6, Алматы қаласы бойынша - 45,7, Шымкент қаласы бойынша - 55,6 пайыз дауыс берді. ***16.25: Қазақстан сайлаушыларының 65,9 пайызы дауыс берді. null

***

15.45: ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингке қатысты пікір білдірді.

«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Қазақстанда тіркелмеген және сот тыйым салған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» эстремистік ұйымының үндеуімен алаңдарға бірнеше жүздеген адам шықты... Сайлау кезеңінде қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға шақырды. Олардың деструктивті шақыруларына қарамастан сайлау жоспарлы режімде өтіп жатыр», - деді ІІМ бірінші вице-министрі Марат Қожаев Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Оның сөзінше, қазіргі таңда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалау шаралары қабылданып жатыр.

***

15.37: Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелмеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. Қоғамдық орындарда қауіпсіздікті 10 мың полиция қызметкері және ұлттық ұлан әскері қамтамасыз етіп жатыр. Сондай-ақ тәртіпті жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камерлары да қадағалап отыр.

***

15.25: Қызық ақпарат: Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сайлау күні түске дейін елордада 30 нәресте дүние есігін ашқан. Оның 15-і ұл бала, және 15-і қыз бала.

***

15.13: Арал тұрғыны бюллетень салатын жәшікті теуіп сындырды.

«Қызылорда облысының Арал қаласында №42 сайлау учаскесінде, таңертеңгі 9-да Ысқақов деген азамат мас күйде келіп, сайлау жәшігін аяғымен теуіп сындырды. Қазіргі уақытта ол кісі медициналық мекемеге жеткізіліп, әкімшілік жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

***

14.52: Ақтау қаласындағы Ана мен бала орталығында дауыс беру аяқталды. Жалпы, орталықтағы 247 келіншек өз таңдауын жасаған. Оның ішінде 56 әйел жүкті. 80-нен астамы жаңа босанған. Ал, 12 әйел босануға дайындық үстінде.

***

14.49: ТМД атынан ҚР Президентінің сайлауына байқаушы ретінде келген ресейлік «Муз-ТВ» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров дауыс беруші жастардың мол болғанын айтады.

«Өз басым ешқандай құқық бұзушылық байқаған жоқпын. Қазақстан Президентінің сайлауы Халықаралық құқық стандарттарына сәйкес өтуде. Адамдар белсенді дауыс беріп жатыр... Мен үшін байқаушы ретінде, қазақ ретінде тарихи отанымдағы сайлауға атсалысуым өте маңызды», - деді Арман Дәулетияров.

***

14.45: Бішкекте шығармашылық іссапарда жүрген опера әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің жанынан ашылған сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол елден жырақта, концертке қызу дайындық үстінде жүрсе де, сайлаудан тыс қала алмапты.

***

14.22: Шымкентте жаңа өмірге қадам басқан жас келін дауыс беруге беташар орамалымен келді. null ***14.11: Енді өңірлер бойынша көрсеткіштерге тоқталсақ. Ақмола облысы бойынша 56,7, Ақтөбе облысы бойынша 69,4, Алматы облысы бойынша 63, Атырау облысы бойынша 45,4, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 59,8, Жамбыл облысы бойынша 56,3, Батыс Қазақстан облысы бойынша 40,9, Қарағанды облысы бойынша 49,7, Қызылорда облысы бойынша 63,1, Қостанай облысы бойынша 55,8, Маңғыстау облысы бойынша 52,4, Павлодар облысы бойынша 45,9, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 53,6, Түркістан облысы бойынша 49,3, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 37,6, Алматы қаласы бойынша 37, Шымкент қаласы бойынша 40,5 пайыз

***

14.10: Қазақстан сайлаушыларының 51,8 пайызы таңдау жасады.null

***

13.45: Сайлауға қатысты бүгін сағат 11:00-ге дейін 14 бұзушылық тіркелді. Олар негізінен болмашы сипаттағы техникалық және ұйымдастырушылық жағынан кеткен кемшіліктер. Бұл туралы әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде «Аманат» азаматтық платформасының өкілі Мұрат Әбенов мәлім етті.

***

13.42: Димаш Құдайберген тәрбиеленген балабақшадағы учаскеде әншінің атасы Құдайберген Айтбаев пен әжесі Миуа Низамутдинова дауыс берді.

***

13.13: Сайлау барысы жайында халықаралық байқаушылар не дейді? «Қазақстандағы сайлауға барлық дерлік сайлау учаскелері өте жақсы дайындалған. Халықаралық байқаушылардың жұмысына ешқандай шектеу қойылмаған... Сайлау әділ әрі ашық өтіп жатыр», - бұл Польшадан келген халықаралық байқаушы Виолета Поровсканың пікірі.

***

12.37: Жамбыл облыс әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады.

***

12.30: Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысты. Өңір басшысы Қарағанды қаласы Ғ.Мұстафин атындағы №83 орта мектебінде орналасқан №53 сайлау учаскесінде дауыс беруге жұбайымен және қызымен бірге келді.

***

12.28: Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласындағы №101 мектептегі №263 сайлау учаскесінде дауыс берді.

***

12.25: 8000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі өскемендік бүгін үйде дауыс береді. Жалпы Өскемен қаласындағы 120 сайлау учаскесіне 244 667 сайлаушы тіркелген.

***

12.16: Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы №1 мектеп-гимназиядағы сайлау учаскесінде таңдауын жасады.

***

12.15: 12-00-дегі жағдай бойынша: Ақмола облысы - 45.9, Ақтөбе облысы - 50,3, Алматы облысы - 47,3, Атырау облысы - 33.5, Шығыс Қазақстан облысы - 44.8, Жамбыл облысы - 43.7, Батыс Қазақстан облысы - 26.1, Қарағанды облысы - 29.6, Қызылорда облысы - 39.3, Қостанай облысы - 35.5, Маңғыстау облысы - 29.3, Павлодар облысы - 36, Солтүстік Қазақстан облысы - 33.9, Түркістан облысы - 30, Нұр-Сұлтан қаласы - 24.6, Алматы қаласы - 19, Шымкент қаласы - 24.6 пайыз.null null

***

12.15: 12-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 35.1 пайызы сайлау бюллетендерін алды.

null

***

12.13: Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев дауыс беретін учаскесіне жергілікті уақытпен сағат 9.00-де келді.

***12.11: «Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов №57 сайлау учаскесінде дауыс берді.null

***

12.10: «Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков елордадағы Ұлттық музейде орналасқан № 52 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.null ***

12.00: ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс берді. Мемлекеттік хатшы жұбайымен бірге ҚР Ұлттық кітапханасында орналасқан №111 сайлау учаскесіне келді. Айта кетейік, дәл осы №111 учаскеде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Президенттігіне үміткер Амангелді Таспихов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин дауыс берді.null

***

12.00: Қарағанды қаласының ең қарт тұрғындарының бірі, соғыс ардагері, 96 жастағы Бүркіт Есжанов сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді

***

11.30: Петропавлдағы №595 сайлау учаскесінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен танымал актриса Самал Еслямова дауыс берді.

***

11.30: Қызылорда қаласында орын тепкен Ана мен бала орталығында осы уақытқа дейін 300-ге тарта сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді. Бір қызыығы, бүгін Ана мен бала орталығында қазірге дейін 10 нәресте дүниеге келді. Олардың 5-і ұл, 5-і қыз бала. Егіздер де бар.

Жалпы Қызылорда облысында 366 аумақтық сайлау учаскесі бар. Онда 197785 адам өз таңдауын жасайды.

***

11.05: «Ақжол» демократиялық партиясының атынан кезектен тыс Президент сайлауына түсіп жатқан Дания Еспаева №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Дәл осы учаскеде таңертең тағы бір үміткер Жамбыл Ахметбеков те дауыс берген болатын.

***

10:59: Солтүстік Қазақстан облысында бүгін мүмкіндігі шектеулі 25 мың адам дауыс береді.

***

10.57: Тблисидегі №277, Бакудегі №286, Әбу-Дабидегі №283, Анкарадағы №286 сайлау учаскелері өз жұмысын бастағанын жариялады. null

***

10.54: Түркістан облысындағы перзентханаларда дауыс беру аяқталды. Жаңадан босанған аналар сайлауда белсенділік танытты. Өңірдегі перзентханаларда әйелдер таңғы 7:00-ден бастап дауыс бере бастады. Түркістан облысындағы №3 перинаталдық орталықта үш жүзден астам әйел өз таңдауын жасады. Облыстық перинаталдық орталықтар мен ауруханаларда дауыс беру таңғы сағат 10.00-ге дейін өтті. Медициналық ұйымдар режімдік нысан екенін ескере отырып, дауыс беру уақытын кешке дейін созылмауы қолға алынды.

***10.39: Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ХҚТУ-дың мәдениет сарайында орналасқан 133 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

***

10.33: ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин кезектен тыс Президенттік сайлауда дауыс берді. «Не жөнінде сұрағыларыңыз келеді? Головкиннің айқасы ма?», - деп қалжыңдады ол сайлау учаскесіндегі журналистерге.

***10.21: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан № 58 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.null

«Бүгін барлық Қазақстан халқы Президент сайлауына қатысып жатыр. Әр уақытта әрбір елде осындай сайлау халық үшін, ел үшін тарихи шешім болып саналады. Ел халқы сайлау учаскелеріне келіп өзінің болашағына таңдау жасайды. Ел аман болуын, еліміз өркендеп өсе беруін, әрбір отбасыда жақсылық болғанын тілейміз», - деді Елбасы.***

10.21: ҚР Парламенті депутаттары Әли Бектаев, Қуаныш Сұлтанов және Бірғаным Әйтімова №113 сайлау учаскесінен дауыс берді.

***

10.16: Қазақстан халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Роза Рымбаева сайлауда дауыс берді. ҚР Ұлттық кітапханасында орналасқан №254 сайлау учаскесіне атақты әнші азаматтық белсенділігін танытуға келді. Әншінің балалары да таңертеңнен сайлау учаскелеріне кеткен. «Менің ұлдарым Темірбек Жүргенов атындағы Өнер Академиясында орналасқан учаскеде дауыс беріп жатыр», - деді әнші.null

***10.06: Өңірлер бойынша көрсеткіш: Ақмола облысы бойынша 20,5, Ақтөбе облысы бойынша 16, Алматы облысы бойынша 17,7, Атырау облысы бойынша 8,5, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 15,5, Жамбыл облысы бойынша 16,5, Батыс Қазақстан облысы бойынша 7,4, Қарағанды облысы бойынша 10,1, Қызылорд облысы бойынша 11,1, Қостанай облысы бойынша 12,8, Маңғыстау облысы бойынша 9,7, Павлодар облысы бойынша 11,4, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 14,2, Түркістан облысы бойынша 14,5, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 10,3, Алматы қаласы бойынша 4,1, Шымкент қаласы бойынша 11,9 пайыз.null

***

10.05: Республика сайлаушыларының 12,8 пайызы дауыс берді (2019 жылғы 9 маусым 10-00-дегі жағдай бойынша). Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов айтты.null

***

09.57: ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Президент сайлауында дауыс берді. Сенат спикері дауыс беру үшін елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан № 58 сайлау учаскесіне келді. Дауыс беру рәсімінен кейін Д. Назарбаева Сербиядан келген халықаралық байқаушы Драгомир Каричпен пікір алмасты.null

***

09.57: «Ұлы Дала қырандары» республикалық қоғамдық қозғалысынан ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел елордадағы «Дарын» лицейінде орналасқан сайлау учаскесіне келіп дауыс берді .

***

09.56: Елімізде халық саны тығыз орналасқан Түркістан облысында сайлаушылар белсенді дауыс беріп жатыр. Өңірде 889 сайлау учаскесі ашылып, онда 1 млн 181 мың 946 адам өз таңдауын жасайды. null ***

09.46: Бішкектегі №264 сайлау учаскесі, Ашғабадта №266 сайлау учаскесі, Душанбеде №272 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

***

09.37: «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өз таңдауын жасады. Партия өкілі ҚР Ұлттық кітапханасында орналасқан №111 сайлау учаскесінде жұбайымен және қызымен келді.

***09.35: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов дауыс берді.***09.30: Кандидат Қасым -Жомарт Тоқаев елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.***09.27: Ташкентте Өзбекстандағы ҚР Елшілігі жанынан №267 сайлау учаскесі ашылды. Сайлау учаскесінде дауыс берген алғашқы Қазақстан азаматтарына ескерткіш сыйлықтар табысталды. Аталған сайлау учаскесінде Өзбекстан аумағында уақытша тұратын ҚР азаматтары дауыс бере алады.***

09.20: Шымкент қаласының әкімі А. Пушкин атындағы N1 мектеп-гимназиясындағы 92 сайлау учаскесінде Ғабидолла Әбдірахымов сайлауда өз таңдауын жасады.

***

09.10: Алматы әкімі Бауыржан Байбек президент сайлауында өз таңдауын жасады. Сондай-ақ курсанттар да белсенді дауыс беріп жатыр.

***

09.10: Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясынан Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов дауыс берді. Кандидат жұбайымен бірге ҚР Ұлттық кітапханасында орналасқан №111 сайлау учаскесіне келді.

***

09.05: Ақтөбеде 104 жастағы Жақыбай Бисенғалиева өз учаскесінде ең бірінші болып таңдауын жасады.

***08.50: ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Президенті сайлауында дауыс берді. Министр өз таңдауын ҚР Ұлттық кітапханасындағы №111 сайлау учаскесінде жасады. «Менің отбасым басқа учаскеде тіркелген. Осы учаскеге өзім сұранып келдім. Себебі, басқа әкімшілік ғимараттарға қарағанда кітапханада дауыс берген ұнайды», - деді А. Мұхамедиұлы дауыс берген соң.***

08.38: Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы №1 орта мектепте орналасқан №8 сайлау учаскесінде дауыс берді

***08.32: ОСК:15 мемлекетте 17 сайлау учаскесі бар. Олар - Оңтүстік Корея, Жапония, Малайзия, Қытай, Моңғолия, Сингапур, Тайланд, Индонезия, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Үндістан жәе Тәжікстан. Тізімге енгізілген сайлаушылардың саны - 11 947 995 адам.

***08.17: Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан Президент сайлауына түсіп жатқан Жамбыл Ахметбеков 91 жастағы анасымен бірге келіп дауыс берді. Президентікке үміткер өз таңдауын №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесінде жасады. null ***

08.00: Қазақстанның батысындағы 4 облыс - Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облысында дауыс беру басталды

***07.50: Exit poll-ды екі ұйым - «Қоғамдық пікір» институты мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы өткізеді. Оның нәтижесі дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана жария етілуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров брифингте мәлім етті.

***

07.48: ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті сайлауында дауыс берді. Дауыс беру үшін Премьер-Министр Нұр-Сұлтан қаласының №138 сайлау учаскесіне келді. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов та дәл осы учаскеде дауыс беріп кетті.null

***07.37: Нақтыланған мәліметтер бойынша республика бойынша 8 023 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр.***

07.16: Гонконгтегі ҚР Бас консульдығы жанындағы №293 сайлау учаскесінде алғашқы 30 минутта екі қазақстандық таңдауын жасады. Оларға кәдесый табыс етілді. Қазақстандық дипломаттар, сондай-ақ сайлау комиссиясы мүшелері сайлау учаскесінің салтанатты ашылуында әнұран шырқады. Бұл жерде Гонконг, Макао, Шэньчжэнь және Гуанжоу қалаларында уақытша тұратын Қазақстан азаматтары дауыс бере алады.

***

07:02: Шанхайда қазақстандықтар дауыс беріп жатыр. Қытайда сайлау Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05:00-де басталған болатын.

***07.00: Қазақстанның 9 облысы мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында дауыс беру басталды.null

***

6.26: Азия елдеріндегі қазақстандықтар дауысберіп жатыр.

***6.21:Ең бірінші дауыс берген Қазақстаназаматы тіркелді.

null

***06.00: Қазақстан аумағындағы 48 сайлау учаскесінде кезектен тыс Президент сайлауы басталып кетті.

***

05.58: Қытайдағы қазақстандық дипломаттар алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

***04:00: Ең бірінші болып Жапония мен Кореядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады.

***ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау учаскелері дауыс берушілерді таңертең сағат 7-ден бастап қабылдап, кешкі сағат 20-ға дейін жұмыс істейді.

Айта кетерлігі, Президент лауазымына 7 кандидат үміткер ретінде тіркелген.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлауды бақылауға 1 013 шетелдік байқаушыны аккредиттеді.

Еске сала кетсек, 9 сәуірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде 9 маусым күні президент сайлауы өтетінін мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар