+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Сайлау-2019: Кандидаттың қазақ тілін жетік меңгергенін анықтайтын ғалымдар белгілі болды

2019 жылғы 19 сәуір 11:32
Бөлісіңіз:
Сайлау-2019: Кандидаттың қазақ тілін жетік меңгергенін анықтайтын ғалымдар белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілде еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия құрылып, оның мүшелері бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

"Сайлау жарияланғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы Білім министрлігімен, жетекші оқу орындарының ректорларымен бірнеше кеңес өткізді. Осы кеңестердің қорытындысында Орталық сайлау комиссиясының жанынан құрылатын Лингвистикалық комиссияның құрамына мына азаматтарды ұсынамын: Мырзатай Жолдасбеков - фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркология кафедрасының меңгерушісі; Әділ Ахметов - фиология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі; Ғарифолла Есім - философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; Сейіт Қасқабасов - фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі; Гүлтас Құрманбай - фиология ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев Университеті жанындағы "Рухани жаңғыру" мәдени орталығының директоры; Ерден Қажыбек - фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры. бұл азаматтардың барлығы да қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы ғалымдар", - деді комиссия мүшелерінің тізімін жария еткен ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Оның атап өтуінше, Лингвистикалық комиссияның отырысы ашық және жариялы түрде өтетін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT