Сайлау-2019: Кандидаттардың теледебаты басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Хабар» арнасында Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасында тікелей эфир арқылы телевизиялық пікірталас басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлау алдындағы телевизиялық пікірталас пен пікірсайысты жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірлеген болатын. Ол регламент бойынша, телепікірталас 3 раундқа бөлінген.

Алғашқы раунд «Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары» деп аталады. Оның өзі 2 турды қамтиды. Бірінші турда әрбір қатысушы өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын таныстырса, екінші турда кандидаттар «сұрақ-жауап» түрінде пікірсайысқа түседі. Мұнда олар оппоненттеріне екі сұрақтан қойып, өзі де екі сұраққа жауап беруі керек.

Екінші раундтың тақырыбы - «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы». Раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйлеп, екінші турда жүргізушілердің сұрағына жауап беруі тиіс.

Үшінші раундтың тақырыбы - «Сайлаушыларға арнау». Бұл қорытынды раундта қатысушылар экран арқылы сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді.

Теледебатқа «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігінен Сәдібек Түгел, «Nur Otan» партиясынан кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев штабының басшысы Мәулен Әшімбаев, «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Амангелді Таспихов, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан үміткер Дания Еспаеваның республикалық сайлауалды штабы басшысы Азат Перуашов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбековтің республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Әли Бектаев, Қазақстанның коммунистік халық партиясынан Жамбыл Ахметбеков және «Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық бірлестігінен Әміржан Қосанов қатысып жатыр.

Фото: almaty.tv

Соңғы жаңалықтар