Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін қандай құжаттар тапсыру керек

2019 жылғы 19 сәуір 12:23 867
Бөлісіңіз:
Президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін қандай құжаттар тапсыру керек

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін  ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2019 жылдың 9 маусымына белгіленген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР президенттігіне кандидаттарды тіркеудің кейбір мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайлау-2019: Кандидаттардың телевизиялық пікірталасына 41 млн теңге жұмсалады ҚР ОСК 123 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

Отырыста аталған мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР ОСК мүшесі Бақыт Мелдешовтің атап өтуінше, президенттікке үміткер кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына екі құжат ұсынатын болады.

"Бірінші, мемлекеттік кірістер органдарына кандидаттың және  оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкі туралы салық декларациясын тапсырғаны туралы салық органдарының анықтамасын ұсынуы керек. Екіншісі - денсаулығының жай-күй туралы медициналық қорытынды ұсыну. Аталған міндеттер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының  59-бабы 5-тармағы 4, 2, 6 тармақшаларына негізделіп көрсетілген"", - деді ол.

Оның айтуынша, Сайлау туралы заңның 59-бабының 2-тармағында кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі, яғни 2019 жылғы 1 сәуірдегі кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуы көзделген. Орталық сайлау комиссиясына Мемлекеттік кірістер органының кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды тапсырғаны туралы анықтамасы кез келген уақытта Президентікке кандидатты тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 2019 жылғы 11 мамырға дейін ұсынылады. Кандидат анықтаманы ұсынбаған жағдайда тіркеуден өтпейді. Кандидат тіркелгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығы туралы сұрау салуды уәкілетті органға жібереді, оны кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде мемлекеттік кірістер органдары тексереді.

"Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдарының кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді ұсыну туралы талаптарын алған ұйымдар талапты алған күннен бастап төрт күн ішінде сұратылған ақпаратты  беруге міндетті. Декларацияны беру кезінде кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тіркеу туралы шешімнің күшін  жояды", - деді ОСК мүшесі.

Сонымен қатар ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 59-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат тіркелгенге дейін денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыны Орталық сайлау комиссиясына міндетті түрде ұсынатындығын айтты.

Осы нормаға сәйкес Президенттікке кандидаттың Республика Президентінің міндеттерін орындауына кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растау үшін оған медициналық куәландыру жүргізіледі. Оның қорытындысы денсаулық жағдайы туралы тиісті медициналық қорытындымен ресімделеді. Медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Республика Президенттігіне кандидат болып тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесі, Орталық сайлау комиссиясы мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді", - деді Бақыт Мелдешов.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT