Сайлау-2019: Дания Еспаева сайлауалды тұғырнамасында кәсіпкерлікті дамытуға басымдық берген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Дания Еспаева тұғырнамасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР кезектен тыс Президенті сайлауына «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан ұсынылған Дания Еспаеваның өзінің сайлауалды тұғырнамасы: «Тұрақты даму негізі бәсекелестік және жаппай кәсіпкерлікпен айналысу», «Ұлттық тәуелсіздік», «Жемқорлықпен күрес және ошфорсыздандыру» атты негізгі үш бағыттан тұрады. Онда кандидаттың еліміздің ішкі және сыртқы саясаты мен әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына қатысты көзқарасы бейнеленген.

Айта кетейік, ҚР кезектен тыс Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған.

Кеше кешкі сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды.

Соңғы жаңалықтар