Сайлау-2019: Бразилия байқаушылары Қазақстанға алғаш рет келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда сайлауды ұйымдастыру жұмыстары өте жақсы жүргізілген. Мұндай пікірді Бразилия байқаушылар тобының басшысы, Бразилия-Қазақстан парламентаралық достық тобының төрағасы Франциско Дасис Родригес білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасарымен кездесу қорытындысына орай, сайлауды ұйымдастыру жұмыстары өте жақсы жүргізілген деп санаймын. Барлық халықаралық байқаушылар бұл жерге сайлауды байқау мақсатында келіп отыр. Меніңше, бұл байқаулардың қорытындысы оң болады. 9 маусым, жексенбі күні сайлау нәтижесін тағатсыздана күтеміз», - деді ол ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровпен кездесуден кейінгі брифингте.

Оның атап өтуінше, Бразилиядан келген байқаушылар Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданында орналасқан 4 сайлау учаскесінде дауыс беру барысын байқайтын болады.
null

«Айта кетерлігі, сіздердің тараптарыңыздың ресми шақыруы бойынша келген Бразилияның 3 байқаушысы Қазақстанда алғаш рет жұмыс істейді. Дегенмен олар АҚШ және Венесуэлада өткен сайлауларға байқаушы ретінде қатысқан», - деді Ф.Д.Родригес.
null

Соңғы жаңалықтар