Сайлау-2019: «Ауыл» партиясының үміткері бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президент сайлауына Төлеутай Рахымбековтың кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үміткер кандидатурасын астанада өткен «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезінде бірауыздан қабылдады.

Партия төрағасы Әли Бектаев Төлеутай Рахымбековтің ауыл шаруашылығы мамандары арасында танымал екенін, оған 300 мыңнан астам партия мүшелерінің сенім артып отырғанын жеткізді.

«Маған сенім білдіріп, партия атынан менің кандидатурамды ұсынғандарыңыз үшін алғыс білдіргім келеді. Мен үшін бұл жоғары мәртебе және өте үлкен жауапкершілік. Еліміз маңызды саяси кезеңді бастан өткеріп жатыр. Мен үміткер ретінде алдарыңызда жауапкершілік жүгін толық сезінемін. Ауыл партиясының мүшесі ретінде партияның саяси ұстанымдары мен негізгі құжаттары және сіздер айтқан бүгінгі ұсыныстар менің келешектегі сайлауалды бағдарламама негіз болады. Менің саналы ғұмырым ауылмен, ауыл шаруашылығымен байланысты. Өзім ауылда тудым, ауылда өстім, ауыл шаруашылығы саласының дамуы жолында еңбек етіп келемін. Бұл саладағы проблемалар «Ауыл» партиясының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Ауыл - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі», - деп атап өтті
null

Сонымен бірге, Т. Рахымбеков партия принциптеріне негізделген саяси платформада бірқатар мәселеге көңіл бөлінгенін атап өтті.

«Ауылда өмір сүру сапасының жоғары стандарттарын қалыптастырып, ауыл мен қаланың дамуындағы әлеуметтік сәйкессіздікті жою. Алдымен ішкі нарықты елімізде өндірілген жоғары сапалы табиғи ауылшаруашылық өнімдермен қамтамасыз ету. Ауылдарда дамыған заманауи, инженерлік, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыру. Қазақстанды білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік дамудың лайықты жүйесі бар мемлекетке айналдыру. Еліміздің басты байлығы саналатын бірлік, ынтымақтастық,
тұрақтылық құндылықтарын биік ұстап, лайықты жалғастыру», - деді үміткер.
null null

Т. Рахымбеков өзінің еңбек жолында түрлі салаларда тәжірибе жинақтағанын атап өтті.
null null

Еске сала кетсек, 9 сәуірде республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституциясына сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу жөнінде шешімін жариялады.

Айта кетейік, 23 сәуір күні Nur Otan партиясы атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев тіркелді.

Кеше «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы Дания Еспаеваны ресми түрде президенттікке үміткер ретінде бекітті.

Одан бөлек, «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан қоғам қайраткері, жазушы-журналист Сәдібек Түгел кандидат ретінде тиісті құжаттарын тапсырды.

Бүгін «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан ҚР Президенттігіне кандидат ретінде Амангелді Таспихов өтінім берді.

Соңғы жаңалықтар