Сайлау-2015: Маңғыстау облысында халықаралық байқаушыларға көмек көрсететін екі орталық ашылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ҚР Президентін кезектен тыс сайлауына байланысты халықаралық байқаушыларға көмек көрсететін екі орталық ашылды.

Толыққанды жұмыс атқару үшін бұл пунктер барлық қажетті жиһаз және ғаламторға қосылған техникамен жабдықталды. Халықаралық байқаушыларға көмектесу орталықтары ҚР ОСК-ның кеңесімен ашылған.

«Бүгінде Ақтау қаласына ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросынан екі халықаралық байқаушы келген. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша түрлі ұйымдардан 300-ден астам халықаралық байқаушы тіркелді», - деді Ақтау қаласындағы халықаралық байқаушыларға көмек көрсету орталығының басшысы Айгүл Демеуова.

Президенттің кезектен тыс сайлауы 26 сәуір күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар