Саяжайға баратын алматылықтар қандай қауіпсіздік талаптарын ескеруі тиіс

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтарға облыс аумағында орналасқан саяжайына баруға рұқсат етілді. Ол үшін әкімдікке ешқандай қосымша өтініш берудің қажеті жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қала тұрғындары саяжайға бару үшін арнайы бекітілген ережені сақтауы тиіс.

«Ең алдымен саяжайға баратын адамның қолында меншігін растайтын заңды құжаты болуы керек. Содан кейін ол жаққа өзін қосқанда үш адам ғана бара алады. Міндетті түрде медициналық маска тағып, қолында антисептик болуы шарт. Сондай-ақ, аса қажеттілік болмаса саяжай аумағынан шығуға болмайды. Қонақ шақыруға тыйым салынады»,– деді Ерлан Қожағапанов

Сонымен қатар, ол жасы 65-тен асқан алматылықтарға үйде қалу жөнінде кеңес берді.

«Осы ережелерді әзірлеу кезінде біз саяжайға баруға рұқсат сұрайтындардың басым бөлігі электронды өтініш беруге қиналатын егде жастағы азаматтар екендігін ескердік. Сондықтан жедел штаб саяжайға баратын азаматтардың жүріп-тұруын мейлінше жеңілдетуге тырысты. Енді алматылықтар тек саяжайының бар екенін растайтын құжат пен жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті»,– дейді Алматы әкімінің бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, ол саяжайдың мақсатқа сәйкес пайдаланылуы ішінара тексерілетінін ескертті.


Соңғы жаңалықтар