Саяжай сатып алмақ болған Өскемен тұрғыны жарты млн теңгесінен айырылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны саяжай сатып аламын деп алаяқтың арбауына ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ертіс полиция бөліміне 24 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Өз сөзінде ол саяжай сататындығын айтқан бейтаныс біреуге 500 000 теңге бергенін жеткізді. Жәбірленуші қаражатты мобильді қосымша арқылы абоненттік нөмірге жолдаған. Алайда сол уақыттан бері алаяқ із-түссіз жоғалып кеткен.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні тапты. 32 жастағы ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар