«Саят» орталығы туризм мен ұлттық спорт түрлерін дамытуға септеседі - жеке кәсіпкер

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - «Саят» этнотуристік орталығы туризм мен ұлттық спорт түрлерін дамытуға септеседі. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Мұрат Жәкібаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зеленов ауданы Мичурин ауылдық округінде «Саят» этнотуристік орталығы ашылып, оған қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов бұл жобаның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдауы нәтижесінде жүзеге асырылып отырғанын жеткізді.

Мұрат Орынбайұлының айтуынша, орталыққа келгендер атпен жүруге, серуендеуге үйренеді. Иппотерапия кешендерінде емделе де алады. Сонымен қатар ұлттық спорт қана емес, конкур, сәндік жүріс, үшсайыс сияқты олимпиада бағдарламасына енген ат спорты түрлерін дамыту да көзделуде.

«Мен өзім қалада өскенмен, түлік төресі - жылқыға да жақынмын. Сәйгүлік көрсе, қаны қызбайтын қазақ жоқ шығар. Мемлекет басшысы жуырда жасаған Жолдауында кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін, Қазақстанның алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін жұмыла еңбек етуіміздің қажеттігін тағы да атап өтті. Соның ішінде біз, кәсіпкерлер, өз үлестерімізді қоса білуіміз керек. Қалада өнеркәсіп орындарын көбірек ашып, бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, далада егін егіп қана қоймай, бізді өсіріп шығарған туған жерімізге, елімізге қызмет етуіміз керек. «Саят» этнотуристік орталығын ашуымыз да өңір тұрғындары, әсіресе, жастар жылқыға құмарлығын жоймай, ат мініп, серуендеп, тіпті спорттық жарыстарға қатысып, шыңдалса деген игі мақсаттан туындап отыр», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Жәкібаев.
null 

 «Саят» этнотуристік орталығында 22 жылқыға арналған тұрақ, 13 орындық асхана, туристер мен келушілерген арналған жатын орын, оқу сыныптары мен жыл бойы атпен жүру дәрістеріне арналған орындар бар. Болашақта велотуризмді, су және шаңғы спортын дамыту да ойластырылуда.

Айта кетейік, Мұрат Жәкібаев - бұдан бұрын да меценаттық істерімен өңірге танылған кәсіпкерлердің бірі. Соның ішінде «Жеңіс тарихы» атты көп сериялы деректі телефильмдер түсіріп, қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлігі мен өмірін, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Сталинград майданына тиіп тұрған Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарындағы тыл еңбеккерлерінің тынысын көпке паш етті. Сондай-ақ атақты конструктор Михаил Калашников туралы «Матай - аңыздың басы», 1801 жылы Бөкей сұлтанның патшадан жер алып, Еділ-Жайық аралығына көшуін баян еткен «Егер Бөкей болмаса...» атты деректі фильмдерді жарыққа шығарды.

null null 

Соңғы жаңалықтар