+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Саят Медеуов ауылға жұмыс істеуге барды

2020 жылғы 23 қаңтар 20:22
Бөлісіңіз:
Саят Медеуов ауылға жұмыс істеуге барды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуов Сарыөзек ауылына жұмыс істеуге келді. Бүгіннен бастап ол Кербұлақ ауданындағы «Күреңбел» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да мерейтойлық жылдың ресми ашылуы өтті Атырауда ел тарихында із қалдырған тұлғаларға ескерткіш қойылады Өскеменде «Абай әлемін ашу» кітабының тұсаукесері өтті

Кәсіби әншінің жаңа қызметі туралы Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев Facebook-тегі парақшасында сүйіншілеп жазды.

Аудан басшысы: «Бүгін Кербұлақ ауданының мәдениет саласында қуанышты күн болды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сахна саңлағы Саят Медеуов ауданымызда құрылған «Күреңбел» фольклорлық-энтографиялық ән-би ансамблінің жетекшісі болып тағайындалды. Саят Қабылұлының өнердегі және өмірдегі жинаған іс-тәжірибесі ауданымыздың өнерпаздарының кәсіби деңгейінің өсуіне зор ықпал тигізеді деген сенімдемін! Саят Қабылұлына іске сәт дегім келеді», деп жазған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT