+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Саяси жаңғыру: Бірқатар заң жобасы әзірленбек

2021 жылғы 13 қыркүйек 19:58
Бөлісіңіз:
Саяси жаңғыру: Бірқатар заң жобасы әзірленбек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саяси жаңғыру бағдарын жалғастыру аясында 2 заң жобасын әзірлеу әрі қабылдау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин telegram каналында жазды.

Ұқсас жаңалықтар

«Бүгін, 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті «Мемлекет басшысының 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру іс-шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау топтамасы барнша ауқымды әрі ол 12 тармақтан тұрады. Атап айтар болсақ, саяси жаңғыру бағдарын жалғастыру аясында 2 заң жобасын әзірлеу әрі қабылдау жоспарланып отыр. Біріншісі аудандардың,облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікілей, оның ішінде ілкі режимде де сайлау үшін заңнамаға тиісті өзгертулер енгізетін болады. Екінші заң депутат мандаттарын бөлу барысында квоталарды міндетті түре ескеру туралы норманы бекітеді. Сонымен қатар әйелдер мен жастардан бөлек азаматтардың квотаға жататын санаттарын кеңейте отырып, ерекше қажеттілігі бар жандарға да квота бекітеді», - деп жазды Е. Қарин.

Оның айтуынша, мұнан бөлек, адам құқығын қорғау жүйесін жетілдіру аясында Азаматтық туралы халықаралық пакті екінші факультативтік хаттамасының ережелерімен Қылмыстық кодекс нормаларын ізгілендіруге, сонымен қатар прокурорлардың жауапкершілігін арттыру мақсатында олардың айыптау актілерін дайындау барысындағы құзіретін кеңейту және тергеу нәтижелерін құқықтық бағалау тетіктерін күшейтуге бағытталған 2 заңды қабылдау көзделген.

«Сонымен қатар осы бағытта Мемлекет басшысының екі Жарлығын дайындау жоспарланып отыр», - деп толықтырды ҚР Президентінің көмекшісі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT