Саяси реформалардың үшінші пакеті партиялардың белсенділігін арттырады – Ерлан Саиров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саяси реформалардың үшінші пакеті партиялар мен халықтың белсенділігін арттырады.

Белгілі саясаттанушы, Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров саяси заңнамадағы өзгерістерге осындай баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 15 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалардың үшінші пакетін жүзеге асыру туралы бастама көтерді. Осы реформалар шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға өту шегін 7-ден 5 парағына «бәріне қарсымын» деген бағанды енгізуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кедергіні 7-ден 5 пайызға дейін төмендету, біріншіден, қоғамдық-саяси салада бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және сонымен бірге халықтың саяси құқықтарына қатысты іс-қимылын жандандыруға бағытталған. «Бәріне қарсымын» бағаны саяси партиялар үшін ел арасындағы көңіл-күй мен саяси ынта-жігерді бағамдауға мүмкіндік беретін «қоғамдық пікір барометрінің» бірі болмақ. Бұл өзгерістер, ең алдымен, саяси партиялар мен қозғалыстардың жұмысын жандандыруға ықпал етеді. Екіншіден, олар азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымын ынталандырады», - деді Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, «бәріне қарсымын» бағанын енгізу жалпы қабылданған саяси стандарттарға сәйкес келеді. Ол қазақстандықтардың саяси мәдениетін арттыруға және саяси реформаларды ілгерілетуге ықпал ететін болады.

Еске салсақ, 2021 жылғы 15 қаңтарда VII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы 10 қаңтарда өткен сайлауда Мәжіліске өту үшін кейбір партияларға сайлаушылар дауысының сәл ғана жетпегенін атап өткен болатын. Осыған байланысты Мемлекет басшысы бұл партиялардың Парламент жұмысына қатысуы заң шығару қызметінің тиімділігін арттыруы мүмкін деген пікір білдірді. Сол кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген бағанды енгізуді ұсынды. Әлемдік практикада адамның сайлаумен өз келіспейтінін заңды түрде білдіру немесе барлық кандидаттарға қарсы дауыс беру құқығы бекітілген.

«Шын мәнінде, балама пікір мен қарсы дауыс беру біз үшін қалыпты жағдай болуы керек. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген бағанды енгізу кқажет. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Өйткені, таңдаудың жоқтығын ресми түрде көрсету де таңдаудың бір түрі», - деген Президент.


Соңғы жаңалықтар