+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Саяси реформалар Қазақстанда эволюциялық жолмен дамып келеді - тарихшы

2021 жылғы 15 қаңтар 22:20
Бөлісіңіз:
Саяси реформалар Қазақстанда эволюциялық жолмен дамып келеді - тарихшы

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Рахым Бекназаров ҚР Президентінің жетінші шақырылымдағы Парламент сессиясында айтқан саяси реформалар туралы ойына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жеті өңірде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды Қазақстанның 7 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды 4 наурыз күнгі ауа райы болжамы

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін саяси реформа бағыттарына тоқталып кетті. Саяси реформалар Қазақстанда эвалюциялық жолмен дамып жатқанын көрсетеді. Біз, халық, шынымен де реформалардың нәтижесін тез көргіміз келеді. Ал негізгі саяси реформалардың ұзаққа созылатыны мәлім. Біріншіден, саяси реформаны дамытуға жағдай жасалғанын көрсетеді. Бұған дейін праймериз деген болмады. Дебат та қажет. Осы жолды дамытып, межені 7 пайыздан 5 пайызға түсіру ұсынылды. Болашақта партиялардың жолы ашылады. Екіншіден, аудан әкімдері де сайланады. Жаңа бастаманың бәрі халыққа дер кезінде көрсетіліп, насихатталғаны абзал», - деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Рахым Бекназаров.

Тарихшы жаңа реформаларды іске асыру үшін білікті кадр қажет екенін де алға тартты.

«Реформаны айту бар, оны іске асыру жөні бөлек. Сырттан келіп оны ешкім жасамайды. Осы тұста Президент Қазақстанның адами капиталы, кадр мәселесі жайлы айтты. Білім, медицина, шағын және орта бизнес саласы... Сіз бен біз осы реформаны іске асырамыз», - деді Рахым Бекназаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT