Саяси реформа қоғамды толғандырған мәселені шешуімен маңызды – Ерлан Қарин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде іске асып жатқан мемлекеттік және саяси реформалардың маңызы мен міндеті қандай? Оны жүзеге асыруда кімнің пікірі ескерілуі керек? Осы және өзге де саяси реформаларға қатысты сұрақтарға ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Мемлекет басшысының жаңа Жолдауын талқылау үшін жиналып отырмыз. Мүмкін сіздерде Жолдауға қатысты қандай да бір сұрақтар бар шығар. Мақсат – Президент жүргізіп жатқан мемлекеттік реформалардың маңыздылығы мен іске асу барысын талдау. Реформа біржақты, биліктің өздігінен қабылдауымен жүзеге асса, онда қоғам оның кейбір сәттерін түсінбейтіні рас. Сондықтан мемлекеттік реформа билік пен қоғам бірлесіп қабылдағаны жөн. Сондай-ақ, кез-келген реформаның маңызы мен орындалуы қоғамдық талқыдан өтуімен тығыз баланысты», - деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, қоғам талқылауынан өтпеген реформа біржақтылықты көрсетеді.

«Реформаның мәні қоғамның үнінен тұрады. Яғни саяси реформа қоғамды толғандырған мәселені шешуімен маңызды. Осы орайда саяси реформаны қоғам болып талқылаған жөн. Бүгінгі жиын соның көрінісі. Мемлекет басшысы өзінің 2019 жылғы Жолдауында экономикалық реформа саяси және қоғам көзқарасынсыз мәні болмайды деген. Расындай солай. Себебі бұл қазіргі қоғамның талабы», - дейді ол.

Айта кетсек, бүгін елордада Президент кеңесшісі еліміздің белсенді жастарымен Мемлекет басшысының Жолдауы мен елде асып жатқан саяси және қоғамдық реформаларды ортаға салып жатыр.

Соңғы жаңалықтар