Саяси партиялар қызметін дамытудың бәсекелестік мүмкіндіктері кеңейтіледі - Сенат

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасының мақсаты – Үкіметтің заң күші бар уақытша актілерді қабылдау тетіктерін белгілеу, саяси партияларды тіркеу рәсімдерін оңайлату, халықтың жерге меншік құқығын бекіту, Ассамблея Кеңесінің Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қалыптастыру бөлігінде Жолдау аясындағы саяси реформаларды толыққанды іске асыруды қамтамасыз ету. Заң жобасы жеті негізгі бағыт бойынша түзетулерді көздейді. Біріншіден, Президентке қатысты түзетулер ескерілген. Заң жобасында Президенттің жергілікті атқарушы органдар мен Жоғары Сот Кеңесіне қатысты жекелеген өкілеттіктерін қысқарту, сондай-ақ Президент лауазымында болған кезеңде жекелеген шектеулер енгізу жөніндегі түзетулер қамтылған», - деді Әділет министрі Қанат Мусин.

Екіншіден, Үкіметке қатысты түзетулер қамтылған. Үкімет енді Конституцияда қабылданған түзетулерге сәйкес, заң күші бар уақытша қаулылар қабылдау өкілеттігіне ие.

«Үшіншіден, биліктің өкілді тармағын қайта форматтау. Мәслихаттардың субъективтілігі мен дербестігін нығайту мақсатында «мәслихат төрағасы» лауазымын енгізу ұсынылады. Төртіншіден, әкімдерді тағайындау тәртібін өзгерту. Мәселен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін тағайындау Мемлекет басшысының мәслихаттардың қарауына баламалы негізде кемінде екі кандидатураны ұсынуы жолымен жүзеге асырылады. Бесінші – саяси партияларды тіркеудің сандық шегін төмендетуге қатысты түзетулер. Бұл тұрғыда заң жобасының белгіленген бағыттарын іске асыру конституциялық заңнаманы жүргізіліп жатқан саяси реформалармен сәйкестендіруді қамтамасыз етеді деп пайымдаймыз», - деді министр.

Сонымен қатар, бос судья лауазымдарына конкурстық рәсімдерді онлайн трансляциялауды енгізуге бағытталған жекелеген түзетулер ескерілген.

«Мұнымен қоса, заң жобасында Конституциялық сотты құруға, «Прокуратура туралы» және «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заңдарға Конституциялық заңдардың мәртебесін беруге, Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палатаға қайта форматтауға байланысты түзету нормалары да қамтылған», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар