+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Саяси партиялар қатарында жастар санының артуынан ұтылмаймыз - жастар қоғалысының көшбасшысы

2020 жылғы 25 мамыр 20:46
Бөлісіңіз:
Саяси партиялар қатарында жастар санының артуынан ұтылмаймыз - жастар қоғалысының көшбасшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Team Qazaqstan» жастар қозғалысының көшбасшысы Асхат Садырбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланды Ақмолалық сегіз кәсіпкер «Ashyq» жобасынан шығарылды «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы байқауына өтініш қабылданып жатыр

«Меніңше, саяси партиялар қатарындағы жастар санының артуынан ұтпасақ ұтылмайтынымыз анық. Керісінше жастарды қоғамдық-саяси процестерге барынша тартуымыз қажет-ақ. Олардың санын саясатта ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың тыныс-тіршілігінің өзге де салаларында арттыра түсу қажет дер едім», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл заң жобаларының барлығы да Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әзірленіп отыр және олар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жан-жақты қаралаған. Бұл құжаттар қоғам сұранысына толықтай жауап бере алатын саяси реформалардың бөлігі саналады.

«Толықтай алғанда, қабылданған заңдардың қоғамымыз үшін, мемлекетіміз үшін өмірлік мәні өте зор», - деді Асхат Садырбай.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT