Саяси партия ретінде тіркеле алмай жүргендердің басты қателігі неде - министр жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саяси партия ретінде тіркелу туралы өтініш берген бастамашыл топтардың тізімінде қайтыс болған адамдар мен әскерилер болған. ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев орталық коммуникациялар қызметінде өткне брифингіде осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізгі қателіктерге келсек, ұсынған тізімдерде өмірден өткен адамдар мен басқа партияның мүшелері, әскери адамдар болды. Осындай қателіктері бар», - деді министр БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында.

Оның айтуынша, мұндай кемшілік заңға қайшы.

«Біріншіден, бастамашыл топ бір мың адамның тізімін әкелу керек. Осы тізімде қайтыс болған адамдар болса, басқа партиялардың мүшелері болса, әскери адамдар болса, әрине, біз оған ешқандай құжат бере алмаймыз. Өйткені ол заңға сәйкес келмейді», - ден нақтылады Марат Бекетаев.

Министрдің пікірі бойынша, құжатын сауатты жинап әкелген ұйымдардың тіркелуіне ешқандай кедергі қойылып отырған жоқ.

«Біз Қазақстанды бұл мәселеде өзге елдермен салыстырмаймыз. Өйткені біздің өміріміз басқа. Өз жолымыз бар және ахуал да басқа. Бұл шешімге тек мен немесе министрлік қана емес, басқа да көптеген сарапшылармен жан-жақтан қарауы арқылы келдік. Ол заңды Парламент қабылдап, Президент қол қойды. Егер мықты адамдар бас біріктірсе, құжаттардың бәрі заң бойынша енгізсе, әрине оларың партиясы тіркеледі», - деді Әділет министрі.


Соңғы жаңалықтар