Саяси науқан әділ өтті: Мәжіліс спикері сайлау қорытындысы туралы пікір білдірді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжіліс сайлауының қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық дауыс берді. Бұл әділ, ашық сайлау болды деп есептеймін. Amanat-тың 53,9% дауыс алғаны лайықты жеңіс деп есептеймін. Біз партияластарымызбен бірге өңірлерді аралап, түкпір-түкпірдегі елді мекендерге де бардық. Іс жүзінде әрбір еңбек ұжымымен кездестік. Жеке өзім қолдауды сезіндім. Біз 53,9% дауыс алдық, бұл - лайықты жеңіс», - деді Мәжіліс төрағасы кулуарда.

Сондай-ақ, сайлау сайлау қорытындысына көңілі толмайтындар туралы пайымын айтты.

«Қазір ештеңе айта алмаймын. Мен бар болғаны Amanat партиясының төрағасы ғанамын. Жеңілгендердің әрдайым көңілі толмайды. Мен бүкіл жерде соншалық бір ажиотаж болды деп ойламаймын. Жеңіліп қалғандар бір жерде ашу білдіріп жатқан шығар. Бұл енді түсінікті. Егер жекелеген сайлау учаскелерінде заңбұзушылық болса, онымен прокуратура, басқа органдар айналысып жатыр. Ал негізінен жалпы бүкіл мемлекетіміз бойынша заңбұзушылық болды дегенге келісе алмаймын. Жалпы сайлау әділ, таза өтті», - деді Ерлан Қошанов.


Соңғы жаңалықтар