Саяси қызметшілердің дербес жауапкершілігі артады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік саясатты іске асыруда азаматтық қоғамның рөлін арттыру қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканы цифрландыру жұмысын күшейту керек. Ақпараттық жүйелердің бірыңғай платформаға интеграциялануын қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік қызметтерді барынша электронды форматқа көшіріп, оларды халыққа ұсыну процесін жеңілдету керек», - деді Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов бұл міндетті министрліктер мен әкімдіктер бірлесіп іске асыруы тиістігін баса айтты.

«Мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру жалғасады. Әкімшілік реформа аясында саяси қызметшілердің дербес жауапкершілігін арттырып, өкілеттікті орталықсыздандыруға баса назар аударылады. Функцияларды бере отырып, олардың сапалы орындалуына сенімді болуымыз керек. Сонымен қатар, мемлекеттік саясатты іске асыруда азаматтық қоғамның рөлін арттыру қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы министрлер мен әкімдер әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық жоспарланған көрсеткіштерін ерекше бақылауда ұстап, олардың орындалуын қамтамасыз етуі тиістігін баса айтты.

«Менің орынбасарларым өздері жетекшілік ететін салалар мен мемлекеттік органдар бойынша үйлестіру мен бақылауды ұйымдастырсын», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар