Саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімін жасауда қазақтың шежіресіне де қарау керек - Берік Әбдіғалиұлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының толық тізімін жасау жұмыстарына қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мамандар толық тізімін жасау мүмкін еместігін алға тартып отыр. Қазақ халқының шежіресі бар. Әркім өз шежіресінде өткен ғасырдың 20-30 жылдардағы деректерді қамту керек. Бүкіл қазақ ел болып жасамасақ, оны жалғыз мемлекеттік комиссия шеше алмайды. Мысалы, Украинаның өзінде үй-үйді аралау жүргізілді, олар құжаттарды біршама ретке келтірді» - деді Б. Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, мемлекеттік комиссия жұмысымен қатар, халық та өз ұсыныстары мен естеліктерін жеткізіп, көмек көрсетуі керек.

«Бұған баршамыз бірдей атсалыспасақ, ұлттық жоба ретінде үлес қоспасақ, олардың тізімін жасау мүмкін болмайды. Сондықтан әр азамат өзінің шежіресін қарап, түгендеп шықса, ол да бір үлкен нәтиже болар еді. Әрине, біз өз тарапымыздан құжаттарды қараймыз, бірақ әрбір отбасының тізімін ашу қиынға түседі», - деді депутат.

Айта кетейкі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ашаршылық құрбандарының тізімін жасау жұмыстарына қатысты түсінік берді.

Толық тізімін жасауда күрделі мәселелер баршылық .

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясының міндеттерін атады.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бағытында жұмыс істейтін ғалымдар бекітілгенін айтты.



Соңғы жаңалықтар