+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемкомиссияның екінші отырысы өтті

2021 жылғы 8 сәуір 12:34
Бөлісіңіз:
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемкомиссияның екінші отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімін жасауда қазақтың шежіресіне де қарау керек - Берік Әбдіғалиұлы Ералы Тоғжанов ашаршылық құрбандарының тізімін жасау жұмыстарына қатысты түсінік берді Еліміздегі архивтердегі жабық қорларды ашу керек - Берік Әбдіғалиұлы

Отырыс барысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мен оның өңірлік филиалдарының ағымдағы қызметі талқыланды.

Мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев комиссия жұмысын ұйымдастыру кезеңі аяқталып, еліміздің түрлі архивтерінде ғалымдардың және сарапшылардың белсенді зерттеу жұмыстары басталғанын атап өтті.

Мемлекеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін арнайы Жобалық офис құрылған, оның құрамына ғалымдар, зерттеушілер және мемлекеттік органдардың өкілдері кірген.

Мемлекеттік комиссия қызметінің барлық бағыттарын жан-жақты қамту үшін 11 жұмыс тобы құрылды. Әр топ өз қызметін қуғын-сүргін құрбандарының санатына сәйкес тақырыптық жоспарлар мен белгілі бір әдістемелер аясында жүзеге асырады.

Мемлекеттік комиссияның жүйелі жұмысын ұйымдастыру үшін еліміздің барлық аймақтарында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылды. Оларды өңірлер әкімдерінің орынбасарлары басқарады, құрамында ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері бар.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжіліс барысында жұмыс топтарының барлық мүшелері жабық және арнайы архивтерде жұмыс істеуге рұқсат алғанын атап өтті. Ведомство басшысы бұл жұмысқа тартылған ғалымдар жалақысы мен барлық әлеуметтік төлемдері сақтала отырып, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындағы негізгі жұмыстарынан уақытша босатылғанын да айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT