31.05.2023 22:36 ШҚО архивінен саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы 2,5 мың іс қаралды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының архивтерінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2 мыңнан астам іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 22:05 Қарағанды жұртшылығы Спасск мемориалында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дипломатиялық миссия басшыларымен және жұртшылықпен бірге Спасск мемориалындағы ескерткіш белгілерге гүл шоғын қойды. Бұл жерлерде 1930-1950 жылдары КСРО НКВД – ІІМ бөлімшелері, әскери тұтқындар мен жер аударғандарға арналған лагерьлер, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 21:39 Түркістан өңірінде саяси қуғынға ұшырап, жазықсыз жапа шеккен 5 184 азамат ақталады ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған мемориалдық кешен ашылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 20:30 Ақмолалықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «XX ғасыр қасіреті – күштеп ұжымдастыру, ашаршылық, қуғын-сүргін, депортация» атты ғылыми-тəжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 19:40 Сенаторлар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Ғалиасқар Сарыбаев, Алишер Сатвалдиев және Амангелді Толамисов Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.05.2023 19:32 Батыс Қазақстанда «Бесеудің хаты» ескерткіш тақтасы орнатылды ОРАЛ. ҚазАқпарат – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Казталов ауданы орталығы Казталов ауылында «Бесеудің хаты» ескерткіш тақтасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 18:45 Кентауда Алаш арысының немере інісі, атасымен аттас Сұлтанбек Қожанов тұрады ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Кентауда Алаш арысының немересі, атасымен аттас Сұлтанбек Қожанов тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 17:56 Семейде Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейліктер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Еске алу күніне орай қала тұрғындары «Алаш» қозғалысының көшбасшысы, көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның ескерткішіне жиналып, мемориалға гүл шоқтарын қойды. Еске алу шарасына Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.05.2023 15:51 БҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жайлы жаңа кітаптар таныстырылды ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бағытында нақты жұмыс атқарылып жатыр. Бұл туралы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен «Батыс Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін саясатының нәтижелері: тарих пен тұлға» деген тақырыпта ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 13:13 Президент ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
31.05.2023 12:11 Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарына қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 18,4 млрд теңге төленді.
31.05.2023 12:02 Қазақ жеріндегі ашаршылықты тоқтату туралы хаттар жоғары жаққа жетпей, қолды болып отырған - тарихшы АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ жерінде 1931-1933 жылдары болған ашаршылық кезінде қарапайым ауыл шаруасынан бастап, ұлт зиялыларына дейін Қазақ өлкелік комитетіне, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетіне, Сталинге, Калининге хат жолдап, көмек сұраған. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынұлы музей-үйінің бас ғылыми қызметкері Светлана Смағұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 11:07 Алматылықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда зиялы қауым өкілдері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жазықсыз жаланың құрбандарына құран бағыштады. Қала әкімі Ерболат Досаев 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 10:31 Мәжілістің жалпы отырысы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын үнсіздікпен еске алудан басталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысын саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 10:25 Қазақ жеріндегі мал-мүлікті тәркілеу ашаршылыққа ұрындырды – атыраулық ғалым АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қазақ халқы түрлі зобалаң, зұлматты жылдарды бастан өткерді. Сондай нәубеттің бірі – ашаршылыққа ұрындырған мал-мүлікті тәркілеу. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахмет ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында «Бұл нәубет «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұстанымымен жүргізілген. Тәркілеуді қолдағандар да, оған қарсылық білдіргендер де бар. Алайда, мал-мүлікті тәркілеудің зардабы әлі толық зерттелген жоқ» деген пікір білдірді.
31.05.2023 10:08 Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін қазақ халқының даму әлеуетін ондаған жылдарға кешеуілдетіп, адами капиталын орны толмас шығынға ұшыратқан ХХ ғасырдағы саяси нәубеттердің құрбандарын еске алу күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.05.2023 08:54 Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет - Президент АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.05.2023 00:24 31 мамырда Алматыдағы тарихи ескерткіштерге гүл шоқтарын қою шарасы өтеді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Алматыда бірқатар тарихи ескерткішке гүл шоқтарын қою салтанатты шарасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.
24.05.2023 18:36 Елордада Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті АСТАНА. ҚазАқпарат - Ерлан Қарин Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
15.03.2023 12:30 Биыл Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күн қалай атап өтіледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында аштық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жұмыстары қалай ұйымдастырылатынын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.