Саяси қуғын-сүргін әрбір қазақстандық отбасын айналып өтпеді – мемкомиссия

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Сабыр Қасымов шығармашылық пен зиялы қауым өкілдерін қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысына белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүкіл совет халқы үшін 1937-38 жылдардағы куғын-сүргін қайғы-қасірет болса, қазақстандықтар үшін 1928-33 жылдар – бұрын-соңды болмаған алапат қасірет. Дәл осы жылдары большевиктік-сталиндік режим алдын ала әзірлеген халыққа қарсы саясат пен оның Қазақстандағы қолшоқпарлары қабылдаған мемлекеттік шешімдерді жүзеге асыруы салдарынан қазақ халқының жартысының өліміне әкеп соққан науқандар өткізілді. Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыруды, күш қолданып ет және астық жинау үшін көптеген саяси шешімдер мен заңды актілер қабылданды, бұл жазықсыз құрбандардың көбеюіне әкеп соқты. Мысалы 1932 жылғы 7 тамыздағы «Үш масақ туралы» заң бойынша шаруаларға қатысты бұрын-соңды болмаған қатал репрессиялар қолданылды. Осылайша, заң қолданылған бірінші жылы 33 мың 345 адам сотталды. Биліктің кінәсінен аш балалар мен отбасы мүшелерін тамақтандыру үшін адамдар масақ теріп, үйіне алып кетуге мәжбүр болды. Бұл үшін олар ату жазасына кесілді немесе 10 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Сабыр Қасымов өңірлік комиссиялармен бірге өткен семинарда.

Модератор тек тікелей қуғын-сүргін құрбандары, яғни атылғандар, сотталғандар, жер аударылғандар ғана емес, осы науқан салдарынан зардап шегіп, әлеуметтік, азаматтық құқықтарынан, қарапайым тұрмыстық жағдайларынан айырылған, жетім қалғандардың көп екенін, яғни қайғылы оқиға әрбір қазақстандық отбасын айналып өтпегенін атап өтті.

«Архивтер – объективті шындықты іздеу мен орнатудың жалғыз көзі емес. Өңірлерде, ауылдар мен ауылдарда үлкен іздеу жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Ақсақалдарды іздеп, естеліктерін жазып алып, жаңа фактілер, отбасылық жәдігерлер мен құжаттар іздеген жөн. Барлық шығармашыл зиялы қауым өкілдерін, қоғамтанушы ғалымдарды және тұтас ел бойынша Мемлекеттік комиссияның жұмысына белсенді қатысуға шақырамын», - деді Сабыр Қасымов.

Айта кетейік, елордада «Қазақстан шаруаларына қатысты большевиктік-сталиндік биліктің күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, күштеп ет және астық дайындау және басқа да саяси науқандары барысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» семинар өтті.

Жиынды Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесі Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп өткізген.


Фото: el.kz


Соңғы жаңалықтар