Саясаттанушы: Трамп пен Клинтон «суперсейсенбінің» бастапқы сайлауында жеңеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикашыл Дональд Трамп пен Демократиялық партияның өкілі Хиллари Клинтонның АҚШ президентінің барлық дерлік бастапқы сайлауында жеңіске жетуге тамаша мүмкіндіктері бар.

«Суперсейсенбінің» алдында РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Нотр-Дам (Индиана штаты) университетінде саясаттану профессоры Джеффри Лэйман осындай болжам жасады.

«Мен Трамп Техастан басқа барлық штаттарда бастапқы сайлауда (праймериз) жеңіске жетеді деп ойлаймын. Ал Клинтон барлық дерлік демократиялық дауыс беруде басым түседі», - деді ол.

Сарапшы «суперсейсенбінің» сайлауалды науқандағы рөлін «барынша маңызды» деп атады. «Бәрінен бұрын, бәсеке енді ұлттық деңгейге шығып отыр. Басқа сөзбен айтқанда, бұрын, бастапқы сайлау мен партиялық активтердің отырыстары тек қандай да бір штатта ғана өтсе, енді олар бір күнде бірден бірнеше штаттарда жарысқа түседі. Осылайша, «суперсейсенбі» үміткердің тек жергілікті емес, жаһандық жарыстардан өте алуының тексерісі болмақ», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар