Саясаттанушы: Рекс Тиллерсон Қазақстанның барлық бастамаларына сенім білдірді

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясына жиналған мәртебелі дипломаттар мен саясаткерлердің барлығы халықаралық мәселелерді шешудегі Қазақстанның рөліне жоғары баға беріп отырғаны қуантады, дейді әзербайжандық саясаттанушы Тәуфиқ (Тофик) Аббасов. Мұны ғалым «ҚазАқпарат» ХАА-ның Әзербайжандағы тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон бұл жайлы кеңінен әрі сенімді түрде айтты. Оның пікірінше, жаһандық қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау үдерісіндегі Қазақстанның рөліне лайықты бағасын беру қажет. Америкалық саясаткер бұған кеңінен тоқталды. Өйткені Корей түбегіндегі жағдай барған сайын ушығуда, - дейді Тәуфиқ (Тофик) Аббасов. - Сондықтан да Рекс Тиллерсон қарусыздандыру үдерісінде маңызды орын алатын Астананың рөлін ерекше атап көрсетті. Оның пайымдауынша, Қазақстан қазіргі кезде көпке үлгі болып отыр. Ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, басқа елдерді осыған насихаттау арқылы салауатты пікір моделін көрсетті», - дейді саясаттанушы.

Спикер, сондай-ақ осы жетістіктерге жетуде Қазақстан мен АҚШ және басқа елдер арасындағы ынтымақтастықтың орны ерекше екенін білдірді. Сұхбат соңында сарапшы: «Көптеген халықаралық мәселелерді шешудегі Президент Назарбаевтың жеке рөлін жоғары бағалай отырып, Тиллерсон Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы келісім қағидаларын сақтау бойынша бастамаларына сенім білдірді», - деді.

Соңғы жаңалықтар