Саясаттанушы президенттік реформалардың тиімділігін жоғары бағалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңның қолданысына шолу» талдамалы баяндама авторларының бірі Марат Шибұтов қазақстандықтардың саяси белсенділігінің қалай артқаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Алматыда митинг өткізетін жерлерді анықтаудан бастап, заңның әзірлеп, қабылдануына дейін қатыстым. Осы заңға қатысты барлық іс-шараның басы - қасында болдым. Ескі заң 20 жылдан астам уақыт қолданыста болды. Сол заңға қатысты көп шағым түсетін еді. Қазір бәрі өзгерді. Әдетте бүкіл ел бойынша жылына 30-дан 60-қа дейін бейбіт жиын ұйымдастырылатын. Жаңа заң қабылданғаннан бері бір жыл ішінде Қазақстанда 552 бейбіт жиын өтті», - деді ол.

Саясаттанушы бейбіт жиналыстардың негізгі бөлігі - жалғыз пикеттер екенін тілге тиек етті. Ол Алматыда өтті.

«Бұл - либерализм. Ол саяси белсенділіктің үлкен өсуімен расталады: феминистер бар, жануарларды қорғайтын белсенділер бар, қаржы пирамидаларынан зардап шегушілер бар барлығы біртіндеп қоғамдық пікірге көшіп жатыр. Бұл өте жақсы. Адамдар талап қоя бастады. Бұл бәріміз үшін өте маңызды, өйткені әлеуметтік және саяси диалог мәдениеті қалыптасып жатыр», - деп қосты саясаттанушы.

Еске салайық, Алматыда танымал сарапшылар бейбіт жиналыстар туралы заңның нәтижесін талқылап жатыр.

Шараға белгілі қазақстандық сарапшылар, құқық қорғаушылар, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері мен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин қатысты.

Баяндамада жаңа заңның қолданылуы азаматтарға өздерінің азаматтық позициясын көрсетуге кең мүмкіндіктер беретіндігіне назар аударылады. Сонымен қатар, заң нормалары бойынша жаңа орындарда, қалалардың орталықтарында бейбіт жиналыстар өткізу тұрғын халықтың көп жиналуына, бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты жария етуге жол ашты.


Соңғы жаңалықтар