Саясаттанушы Nur Otan-дағы мемқызметшілердің қысқартылуына пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы биыл және келесі жылдары тікелей дауыс беру арқылы сайланатын барлық әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімі лауазымына өз кандидаттарын ұсынуға қабілетті. Танымал саясаттанушы, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының жетекшісі Андрей Чеботарев осындай пікір білдірді.

Сарапшы өңірлердегі партиялық активтің жаңартылуына баса назар аударды. Оның пікірінше, билік партиясы өзін мемлекеттік басқару жүйесімен байланыстыруға емес, оған қатысты бақылаушы орган ретінде әрекет етуге тырысады. Оның көрсеткіші – барлық деңгейдегі саяси кеңестердегі мемлекеттік қызметшілер санының екі есе қысқаруы және бизнес-құрылымдар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және тағы басқалары санының артуы.

Онымен қоса, партия жанынан 1752 қоғамдық кеңес құрылған, оларға қоғамның патрияға мүше емес өкілдері еніп отыр. Оның ішінде республикалық дәрежеге ие 14-ін парламентарийлер басқарады.

«Әлеуметті өз қатарына, әсіресе басшылық қызметтерге және аталмыш кеңестерге тарту халық арасында сенімді арттыру және атқарушы билік органдарына ықпала ету тұрғысынан «Nur Otan» үшін маңызды», – деп жазды Андрей Чеботарев Facebook-парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Nur Otan» төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірлердегі партиялық «қайта жүктеу» барысы туралы айтып берген еді. Өңірлердегі саяси кеңестердің құрамы 51%, бастауыш партия ұйымдары басшыларының құрамы 20% жаңартылды.


Соңғы жаңалықтар