Саясаттанушы Мирзиеевтің сапары жайында: Ежелгі түркі әлемі бірігуі тиіс

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал саясаттанушы Ерлан Саиров Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтың Астанаға мемлекеттік сапарының қорытындысына орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Меніңше, біздің Өзбекстанмен арадағы экономикалық байланыстарымыз ендігі уақытта барынша қарқынды дами түсетін болады. Бұған қоса, соңғы ақпараттарға сәйкес, жалпы сомасы 1 млрд. долларға жуықтайтын шамамен 50 келісімшартқа қол қойылды. Өзімізде дамуымыз үшін Қазақстан спарринг-әріптес қажет. Көптеген адамдар Өзбекстанға сапарлай бастады. Яғни, бұл да мәдени, рухани байланыстар деуге болады», - деді Саиров.

Саясаттанушының атап өтуінше, бұған дейін екі елдің арасындағы шекараны жабық болды десек артық айтқандық емес. Сауда-экономикалық байланыстар да өте төмен болған еді. Қазіргі уақытта Өзбекстанда жекешелендіру жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте қазақстандық кәсіпкерлер оған қатысып, табысқа жете алады. Өйткені, Қазақстан бизнесі бүгінде аяғына нық тұрған. Бизнеске әр уақытта да жаңа кеңістік, жаңа байланыстар қажет. Егер мұндай байланыс орнайтын болса, онда екі тарапқа да тиімді болады.

Сонымен қатар Ерлан Саиров бүгінгі күні қазақстандықтардың өзбек еліне жиі сапарлай бастағандығын да баса айтты. Өзбек тарапы үшін де Қазақстан әлеуметтік мүмкіншілік саналады. Себебі Өзбекстанда еңбек ресурстары өте көп. Ал қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан көптеген өзбек азаматын жалақысы жоғары жұмыс орындарымен қамти алады.

Өзбекстан халқының дінге жоғары болуына байланысты қауіптер туынауы мүмкін бе деген сауалға жауап берген Саиров одан қорқудың еш қажеті жоқ екендігін баса айтты. Саясаттанушы қайта ежелгі түркі әлемі діни экстремизм мен терроризмнің дамуымен байланысты сыртқы сын-қатерге қарсы тұруы үшін бірігуі қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.

Соңғы жаңалықтар